Ақмола облысы білім басқармасының  жанындағы "Есіл қаласы, агротехникалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсшпорны
     Государственное коммунальное  казенное предприятие «Агротехнический колледж город Есиль» при управлении образования Акмолинской области.

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

акция

2018 жылғы 11 қыркүйекте КММ №7 АТК-да облыстық жемқорлыққа қарсы «Адал жол - Честный путь» марафонын өткізу аясында «Жемқорлыққа бірауыздан қарсымыз!» атты акция болып өтті.

Мақсаты: студенттер арасында жемқорлыққа қарсы көзқарасты насихаттау; жемқорлыққа қарсы тұлғалық сипатты қалыптастыру; адалдыққа, тәртіпке тәрбиелеу; жемқорлыққа қарсы мотивацияға ынталандыру.

Іс-шараға қатысқандар: бірінші курс студенттері, колледждің педагогикалық ұжымы. Іс-шара барысында жемқорлыққа қатысты қоғамдағы өзекті мәселелер айтылды. Оның пайда болуын ашуға тырысты, себептерін табуды ойлады, қалай жеңу керек  екені жайлы талқыланды.

Жемқорлық, оның салдары, пайда болу құбылыстары жайлы тақырып бекерден таңдап алынған жоқ. Ол бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр. Жемқорлық барлық мемлекеттерде бар және халық арасында кеңінен жайылған.

Әрбір адам, ұрлау немесе ұрламау, пара алу немесе алмау, пара беру және бермеуді  өзі шешуі керек. Жемқорлықтың бірінші себебі-ол үнсіздік, яғни ол дегеніміз адамдарда адалдық пен шындықтың жоқтығын білдіреді.

Біздің міндетіміз- қандай мемлекетте тұрсақта адал және шыншыл болуымыз.

Қосымшалар:

Жаңартылған күні: 23.04.2019 11:11
Құрылған күні: 23.04.2019 11:11

Текст