Текст
4 сәуір күні “ Жұмысшы мамандықтар жылына байланысты іс-шараларды, “ Біртұтас тәрбие” бағдарламасын жүзеге асыру барысында “Мамандықтар автобусы” жобасының “Жастар дауысы” үгіт-насихат тобы “ Жаныспай, Московское, Ковыльное селоларының ОМ- не жол тартты. “Жастар дауысы” үгіт-насихат тобының село мектептеріне баруы - мектеп пен колледж арасындағы байланысты нығайтудың бірден бір жолы. Белсенді студенттер оқушыларға дұрыс таңдау жасауға үндеу жасап, болашақ жастардың қолында екенін айтып жеткізуге тырысты.