Текст
19.01.2026
19 қаңтарда Есіл станциясындағы желілік полиция бөлімінің аға сержанты А.В. Заволоко ӘТЖК қызметкері Т. Бегалинмен бірге студенттерге профилактикалық дәріс өткізді. Кездесу барысында білім алушыларға теміржол көлігі объектілерінде қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері, теміржолда, перрондарда және вокзалдарда болу тәртібі түсіндірілді, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнде жүрулеріне жол бермеу туралы заңнаманың талаптары еске салынды.