27.01.2026
22 және 24 қаңтарда жеделхатта Көкшетау қаласының оқу орындарына: мектептер мен колледждерге шабуыл жасалғаны туралы хабарлар таратылды.
Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді және жалған болып табылады деп ресми мәлімдейміз.
Оқушылар мен оқытушылар құрамының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында құқық қорғау және мемлекеттік органдар тиісті шаралар қабылдады. Оқу орындары полицияның бақылауында.
Қазіргі уақытта екі факт бойынша да қылмыстық іс қозғалды. Департаменттің құзыретті қызметтері жалған хабарламалардың авторларын анықтау және оларды жауапкершілікке тарту бойынша іс-шаралар жүргізеді.
Аталған арналар бірнеше рет бұғатталған, алайда қаскүнемдер жаңа арналар құрып, өздерінің қылмыстық әрекеттерін жалғастыруда.
Біз азаматтарды дүрлікпеуге, тыныштықты сақтауға және тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге шақырамыз.
Тексерілмеген хабарларды жібермеуді және көбейтпеуді сұраймыз.
Көрінеу жалған ақпарат тарату қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын есте сақтаған жөн.