Ақмола облысы білім басқармасына қарасты «Есіл қаласы агротехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 020900, Ақмола облысы, Есіл ауданы, Есіл ықш. Жастар, көп. 17А, тел. 8(71647) 4-12-43, 4-12-46, факс 4-12-43 электрондық пошта мекенжайы: Esil_atk7@mail.ru Бос лауазымға конкурс жариялайды Оқытушы Бастапқы әскери технологиялық дайындық Функционалдық міндеттері: білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес оқытылатын пәнді ескере отырып, білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеуді қамтамасыз етеді; жеке тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, оқушылардың жеке қабілеттерін ашып, дамытуға ықпал етеді; оқытудың ең тиімді формаларын, әдістері мен құралдарын, жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланады; студенттерге жоғары сапалы білім, білік және дағдыларды береді; оқу жоспары мен оқу процесінің кестесіне сәйкес білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысады; оқу-тәрбие процесінде оқушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді; жабдықты пайдалану кезінде қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарын орындайды; білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін құжаттардың міндетті тізбесін жүргізеді. Төлем сомасы 100 000 -150 000 теңге Біліктілік талаптары: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi педагогикалық бiлiм немесе жұмыс өтiлiне қойылатын талаптарды ұсынбай, тиiстi бейiндер бойынша кәсiптiк бiлiм; Құжаттар тізімі: 1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысуға өтінім; 2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттама қызметінің электрондық құжаты (сәйкестендіру үшін); 3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парағы (нақты тұрғылықты жерінің мекенжайы мен байланыс телефондары – бар болса); 4) педагог қызметкерлердің үлгілік біліктілік сипаттамаларында бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; 5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса); 6) «Денсаулық сақтау саласындағы бухгалтерлік құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы No ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген); 7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама; 8) наркологиялық ұйымнан анықтама; 9) Ұлттық біліктілік тестілеуінің сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератор, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші, педагог-магистр біліктілік санатының сертификаты (бар болса); 10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бос немесе уақытша бос педагог лауазымына орналасуға үміткердің толтырылған Бағалау парағы. Құжаттарды қабылдаудың соңғы мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде.