Ақмола облысы білім басқармасының  жанындағы "Есіл қаласы, агротехникалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсшпорны
     Государственное коммунальное  казенное предприятие «Агротехнический колледж город Есиль» при управлении образования Акмолинской области.

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Есеп Ақмола облысы білім басқармасының "Есіл ауданы, Есіл қ. № 7 агротехникалық колледжі" КММ 2019 жылдың қаңтар айындағы жеке және заңды тұлғаларға көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша жұмысы туралы

19.02.2020

Ақмола облысы білім басқармасының

«Есіл ауданы, Есіл қаласы, №7 агротехникалық колледжі» КММ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметі

 

Ақмола облысы білім басқармасының «Есіл ауданы, Есіл қаласы, №7 агротехникалық колледжі» КММ техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды дайындайтын оқу орны болып табылады. Өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді, мониторинг жүргізеді және жеке тұлғаларға ақпараттық, консультациялық, әдістемелік қолдау көрсетеді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік қызмет көрсету тізіліміне сәйкес, Ақмола облысы білім басқармасының «Есіл ауданы, Есіл қаласы, №7 агротехникалық колледжі» КММ 8 атау бойынша қызмет көрсетеді:

  • Азаматтардың жекелеген санаттарына, сондай-ақ қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) және патронаттағы адамдарға, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының оқушылары мен тәрбиеленушілеріне тегін тамақтандыруды ұсыну;
  • Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру;
  • Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру;
  • техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру;
  • Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау;
  • Техникалық-кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру;
  • Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттаудан өту үшін құжаттар қабылдау

КММ «№7 АТК» көрсететін 8 қызметтің біреуі «Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетіледі.

КММ «№7 АТК-да көрсетілетін мемлекеттік қызметтер мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына сәйкес тегін көрсетіледі. 2019 жылы колледж 245 Мемлекеттік қызмет көрсетті, олардың ішінде ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау» (2019 жылы 81 қызмет) және «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру» (2019 жылы 78 қызмет) болып табылады.

Колледж мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттерін колледждің pt0001.esil.akmoedu.kz интернет-ресурсында орналастыру арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы халықты ақпараттандыру жұмыстарын,  сондай-ақ тиісті ақпаратты жергілікті газетте жариялау арқылы жүргізеді.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында оқу орындарына мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (семинарлар, кеңестер, дөңгелек үстелдер) өткізіледі..

Тұрақты негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі бақылау жүргізіледі.  Осылайша, оқу орны басшысының бұйрығымен Мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсетуді бақылау және кеңес беру бойынша жауапты тұлғалар бекітілген. Ай сайын Ақмола облысының білім басқармасына мемлекеттік қызмет көрсетудің уақтылығы мен сапасы туралы есептер ұсынылады.

КММ «№7АТК» ұсынған  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы және қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасына және мерзімдерінің бұзылуына шағымдар түскен жоқ.

 

Просмотров: 396


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст