Текст
2023 жылғы 27 қазанда Студенттік Парламент Президентінің инаугурациясы өтті. 2023 жылғы 20 қазанда өткен сайлауда жеңіске жеткен "Есеп және аудит" мамандығы бойынша №41 оқу тобының екінші курс студенті Цымбалюк Рубина Парламент Президенті болып сайланды. Рубинаға жауапты лауазымға сәттілік тілеп, Президент куәлігі табыс етілді.
Өз кезегінде студенттер Парламентінің Президенті жоғары сенімді ақтауға, бірлікті нығайтуға, өзіне жүктелген міндеттерді адал орындауға, студенттердің әлеуметтік мәселелерін шешуге жәрдемдесуге ант берді.