Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Есіл қаласы, агротехникалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
020900, Ақмола облысы, Есіл ауданы, Есіл қаласы, Жастар ш/а, 17А мекем., тел. 8(71647) 4-12-43, 4-12-46, факс 4-12-43 |
Бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды
Өндірістік оқыту шебері.
Функционалдық міндеттері: өндірістік оқыту бойынша практикалық сабақтар мен оқу-өндірістік жұмыстарды жүргізеді; сабақтарға арналған жабдықтар мен тиісті жабдықтарды дайындайды, материалдық базаны жетілдіреді; еңбек қауіпсіздігінің сақталуын, білім алушылардың еңбектің озық әдістерін, қазіргі заманғы техника мен өндіріс технологиясын меңгеруін, жабдықтарға қызмет көрсету мен пайдалануды, материалдық және энергетикалық ресурстарды ұқыпты жұмсауды қамтамасыз етеді; білім алушыларды біліктілік жұмыстарын орындауға және біліктілік емтихандарын тапсыруға дайындайды; топта өндірістік оқытуды жоспарлау, есепке алу және есептілік, кәсіптік практика, тәрбие жұмысын жоспарлау және есепке алу бойынша құжаттаманы жүргізеді; білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен міндетті құжаттар тізбесін жүргізеді; оқу шеберханаларын жабдықтармен және аспаптармен, материалдармен, қосалқы бөлшектермен және оқыту құралдарымен уақтылы қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды; технологиялық құжаттаманы, сызбаларды, эскиздерді, эталондарды дайындайды; оқу үрдісінде ғылыми-әдістемелік ұсыныстарды, озық педагогикалық және өндірістік тәжірибені қолданады; білім алушылардың еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария талаптарын сақтауын бақылайды; қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтар жүргізеді. Әдістемелік комиссиялардың, бірлестіктердің жұмысына қатысады.
Төлем мөлшері 130 000-нан -180 000 теңге
Біліктілік талаптары:
жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейіндер бойынша кәсіптік білім, жұмыс стажына талаптар қойылмайды;
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелерінің сертификаты немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы модератор-педагогінен төмен емес куәлік (егер бар болса).
Құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі.