2017жылғы ақпан айында WSK Чемпионатының іріктеу туры аясында колледжде «Тамақтануды ұйымдастыру» мамандығы бойынша оқитын студенттер арасында тәжірибелік сайыс өткізілді, оған Ақмола облыстық Есіл аудандық кәсіпкерлер Палатасы филиалының өкілдері және орта мектептердің 9-11 сынып оқушылары шақырылды.
Сайыс қатысушыларына келесі тамақ түрлерін дайындау тапсырмасы берілді: жеңіл тамаққа- балық салаты қосылған картоп себеті, әр түрлі көкөністерден жасалған езбе-көже, ыстық тамаққа- ірімшік қосылған, тауық етінен жасалған конверт, тұздыққа- көкөністерден жасалған жылы салат, жеміс-ірімшік қосылған десерт.
Сайыскерлер тапсырманы сапалы, уақытпен орындауға және дайын тамақтарды әдемілеп ұсынуға қатты тырысты.
Сайыс нәтижесі бойынша үшінші орынды - №21 ТҰ тобындағы екінші курс студенті Ритчер Кристина, екінші орынды - №17 ТҰ тобындағы үшінші курс студенті Тимофеева Ольга және бірінші орынды №17 ТҰ тобындағы үшінші курс студенті Попкова Татьяна иеленді.
Сайысқа қатысушылар тапсырма орындап жатқан уақытта, колледж студенттері қонақтарға шебер-класс көрсетті: тамақ ішетін үстелді жабдықтау (№25 ТҰ тобының студенті Овсейчик Карина), майлықтарды салып қою (№25 ТҰ тобының студенті Кравчук Светлана), коктейль дайындау (№17 ТҰ тобының студенті Вислопу Анастасия).
Біздің қонақтарымызға- мектеп оқушыларына өткізілген іс-шара қатты ұнады, олар қатты қызығушылықтан шебер-класс көрсетуге және коктейль дәмін татуға қатысты. Көптеген балалар аспаз мамандығына жақсы көзқараспен
қарайтындықтарын жеткізді.