Ақмола облысы білім басқармасының  жанындағы "Есіл қаласы, агротехникалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсшпорны
     Государственное коммунальное  казенное предприятие «Агротехнический колледж город Есиль» при управлении образования Акмолинской области.

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Наурыз мейрамы!»

27.03.2017

Тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес 2017 жылғы 17 наурызда колледжде «Наурыз мейрамы!» атты театрландырылған қойылым өткізілді. Аталған іс-шараның ұйымдастырушысы «Фермерлік шаруашылық» мамандығы бойынша оқитын №20 оқу тобының студенттері, жетекшісі өндірістік оқыту шебері Е.А.Кулиш болды.

Келесі мақсаттар мен міндеттер қойылды:

1. Колледж студенттерінің тұлғасын ұлттық және жалпы адамгершілік құндылықтар негізінде дамыту және қалыптастыру.

2.Қазақ халқының салт-дәстүрлерін құрметтуге тәрбиелеу.

3.Халықтың түрлі көркемдік мәдениетін сомдайтын көрсетілімдерді дамыту, ауызбіршілікті, музыкалық фольклорды жеткізу.

Іс-шара колледждің спорттық зал базасында халықтық тойлау түрінде өткізілді, онда тек музыкалық қана емес, түрлі ұлттық спорттық ойындар «Жамбы ату», «Оқтау тартыс», «Аударыспақ» және т.б. көрсетілді.  Ойынға барлық курстың студенттері белсене қатысты, көрермендер қолдаушы болды. Отан туралы, көктем туралы әндерді Беспалов Евгений (№24 оқу тобының студенті), Садыкова Лаура (№20 оқу тобының студенті), №22 оқу тобының квинтет тобы, Джос Алексей (№23 оқу тобының студенті), Зайнутдинова Аминат (№25 оқу тобының студенті) және т.б. орындады. Барлық көрерменге колледждің бишілер тобы ұсынған қазақ және үнді биі ұнады. Домбырада 3 курс студенті Әбенова Сымбат күй шертті. Мереке соңында барлық қатысушыларға ұлттық тағам бауырсақ және тәттілер ұсынылды. Наурыз тойын мерекелеу өте көңілді өткізілді  және қуаныш сыйлады.

Просмотров: 353


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст