Ақмола облысы білім басқармасының  жанындағы "Есіл қаласы, агротехникалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсшпорны
     Государственное коммунальное  казенное предприятие «Агротехнический колледж город Есиль» при управлении образования Акмолинской области.

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2016 жылдағы мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі Ақмола облысы білім басқармасының «Есіл ауданы, Есіл қаласы, №7 агротехникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметі туралы есебі.

15.03.2017

2016 жылдағы мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі

Ақмола облысы білімбасқармасының «Есіл ауданы, Есіл қаласы, №7

агротехникалық колледжі»коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

қызметі туралы есебі.

Мемлекеттік қызметтер  Қазақстан Республикасының азаматтарына әртүрлі сала бойынша, білім алу, бос уақыты және т.б. құқықтарын уақытылы, сапалы, қолжетімді түрде жүзеге асыруға мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге мүмкіндік береді.

Ақмола облысы білім басқармасының «Есіл ауданы, Есіл қаласы, №7 агротехникалық колледжі» КММ кәсіптік және техникалық білім беретін мамандарды даярлауды жүзеге асыратын оқу мекемесі болып табылады.

Өз құзыретінде мемлекеттік қызметті көрсету саласында мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз етіп, мониторинг жүргізеді, жеке тұлғаларға ақпараттық, консультациялық, әдістемелік қолдау көрсетеді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес Ақмола облысы білім басқармасының «Есіл ауданы, Есіл қаласы, №7 агротехникалық колледжі» КММ    6 атау бойынша  мемлекеттік қызмет көрсетеді:

·       Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға жатақхана беру

·       Техникалық және кәсiптік бiлiм туралы құжаттардың телнұсқаларын беру

·       Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау

·       Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру

·       Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау

·        Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау

Көрсетілетін 6 қызметтен  1  қызмет "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорация арқылы («Техникалық және кәсіптік білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру») көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметтердің стандарттарына сәйкес КММ «№7 АТК» көрсетілетін мемлекеттік қызметтер ақысыз негізде ұсынылады.

2016 жыл ішінде КММ «№7 АТК»  284, (оның ішінде "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорация арқылы 6) мемлекеттік қызмет көрсетілді, бұл 2015 жылмен салыстырғанда  28 % артық (207 қызмет).

Ақмола облысы білім басқармасының «Есіл ауданы, Есіл қаласы, №7 агротехникалық колледжі» КММ көрсеткен қызметтің  сапасына, сондай-ақ, мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімінің бұзылуы, оның ішінде "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорация арқылы және электронды түрде шағымдар түскен жоқ. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту бойынша ұдайы бақылау жүргізіліп отырады.

2016 жылғы   талап етілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге «Техникалық және кәсіптік, орта бiлiмнен кейiнгi білім беретін ұйымдарға құжаттар қабылдау» (152 қызмет), «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру» (121 қызмет) болып табылды.

Тұрғындарды ақпараттандыру бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат  колледждің  интернет-ресурстарында, мемлекеттік қызметтердің стандарттары және регламенттер құралдары арқылы  жұмыстар жүргізіліп отырады.

Ақмола облысы білім басқармасының «Есіл ауданы, Есіл қаласы, №7 агротехникалық колледжі» КММ  мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында, мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінің айқындығын қамтамасыз етуге бағытталған (семинар, мәжіліс, дөңгелек үстел)  түрлі іс-шаралар  өткізіліп тұрады. 2016 жылы  мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын жақсарту бойынша  5 түсіндірме іс-шаралары  өткізілді, яғни 2015 жылмен салыстырғанда 40 % артық.

КММ «№7 АТК»  ұсынылатын  мемлекеттік қызмет  сапасына ішкі бақылау тұрақты негізде жүзеге асырылады. Оқу мекемесі басшысының бұйрығымен  мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау жасайтын жауапты тұлғалар бекітілген. Ай сайын   Ақмола облысының білім басқармасына мемлекеттік қызмет көрсетудің уақытылы болу және сапасы жөнінде есеп беріледі.

2016 жылы КММ «№7 АТК»  мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімдерін бұзған жоқ.

2017 жылы Ақмола облысы білім басқармасының «Есіл ауданы, Есіл қаласы, №7 агротехникалық колледжі» КММ   жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыратын болады.

Қазіргі уақытта мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасын жақсарту бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілуде.

Просмотров: 362


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст